5 қыркүйекте Қазақстанда Қазақстан Республикасының Тілдер күні атап өтіледі.
5 қыркүйекте Қазақстанда Қазақстан Республикасының Тілдер күні атап өтіледі. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің мәні ерекше.
Осы атаулы датаның көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі – оның тұлғасына деген құрметтің шыңы. А.Байтұрсынов бүкіл саналы ғұмырын туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнады, қазақ әліпбиін, графикасын, құрылымы мен емлесін жазып, ұрпақтарына қалдырды.