«Ясновка орта мектебі» КММ-де әлеуметтік педагог С.Н.Воропаева мен педагог-психолог А.Н.Ахмулина ұйымдастырған ата-аналар жиналысы өтті.


«Ясновка орта мектебі» КММ-де әлеуметтік педагог С.Н.Воропаева мен педагог-психолог А.Н.Ахмулина ұйымдастырған ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында үйде дәрі-дәрмектерді қауіпсіз сақтау және пайдалану, балалар мен жасөспірімдердің дәрі-дәрмектерге бақылаусыз қол жеткізуінің алдын алу мәселелері, сондай-ақ ата-аналардың үйдегі дәрі-дәрмек шкафтарына жауапкершілікпен қарауының маңыздылығы қарастырылды. Ата-аналарға жасөспірімдердегі эмоционалды қолайсыздық белгілері мен суицидтік мінез-құлық қаупі бар әрекеттер алгоритмі, сондай-жедел қызмет телефон нөмірлері еске салынды.
Педагог-психолог пайдалы ақпараты бар жадынамалар дайындады және таратты. Сонымен қатар, ата-аналар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Мұндай іс-шаралар отбасылардың қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі және балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қауіпсіз жағдай жасауға ықпал етеді.
Image
Image
Image

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО, Есіл ауданы, Ясновка ауылы, Молодежная көшесі, 39а үй.
Тел.: 8(7154)354352
Пошта: yasnovka-sko-esil@edu.kz

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2025 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx