Баршаңызға сәлем!



Баршаңызға сәлем!
Менің атым Стриганов Демид, мен «Ясновка орта мектебі» КММ-нің 5-сыныбында оқимын.
Маған Қазақстан Республикасы Президентінің «ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ» атты Жаңа жылдық шыршасына қатысу бақыты бұйырды ?✨.
Бұл сапар мен үшін ерекше және ұмытылмас болды. Мен жаңа достар таптым, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында «Оранжевая история» ертегісін тамашаладым ?. Сондай-ақ ОЦТДЮ (Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы) шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік ойын-сауық бағдарламасына қатыстым. Барлығы өте көңілді, әдемі, ертегі сияқты, нағыз ғажайып болды ✨.
Маған естелік ретінде Galaxy Tab A9 планшеті табысталды ?. Бұл — мен көрген ең керемет Жаңа жылдық шырша! Армандар орындалады!
Осы мүмкіндік үшін мектебімнің директоры Шәкенов Қанат Серікұлына, аудандық білім бөліміне, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ анамa үлкен алғысымды білдіремін!
Үлкен рақмет! ?
Image

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО, Есіл ауданы, Ясновка ауылы, Молодежная көшесі, 39а үй.
Тел.: 8(7154)354352
Пошта: yasnovka-sko-esil@edu.kz

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2026 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx