"Заң мамандығы"
"Адал азамат" бағдарламасын іске асыру аясында "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы бойынша 19 қаңтарда "Заң мамандығы" оқушыларының полиция өкілі А.А.Таласпаевпен кездесуі өтті. Іс-шара барысында балалар заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты мамандықтармен танысты, құқық қорғау органдарындағы қызметтің ерекшеліктері мен болашақ мамандарға қойылатын талаптар туралы білді. Кездесуге қатысушыларға заң саласындағы мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуге және өмір жолын таңдауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектесетін ақпараттық буклеттер ұсынылды.

